С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік органдардың біріңғай кадрлық қызметтерін ұйымдастыруы және қызметі» атты семинар өтті. Аталмыш шараның ұйымдастырушылары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті, Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың аймақтық орталығы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті.
Семинардың басты мақсаты мемлекеттік органдардың біріңғай кадрлық қызметтері туралы жүйелілік көрінісін, қызмет мақсаттары мен міндеттерін, қағидаттарын, сонымен бірге заманауи басқару қалпы мен ұйымның ұзақ мерзімді дамуы шеңберінде еңбек потенциалын қолдануын қалыптастыру болып табылады.
Семинар жұмысына қалалық, аудандық әкімдік аппаратының және жергілікті орындаушылық пен аймақтық мемлекеттік органдардың кадрлық мамандары мен жетекшілері, С.Торайғыров атындағы ПМУ Қаржы-экономика факультетінің оқытушылары қатысты.
ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнаманың өзгерістері мен толықтырулары жайында өзекті сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті мемлекеттік мекемесі жетекшісі, Дисциплинарлық Кеңестің төрағасы Мақсұт Утешов жауап берді.
Кездесу барысында кадрлық қызметкерлер мен семинарға қатысушылар кадрлық қызметтің құқықтық нормативтері негіздерімен, қызметкерлерді оқыту және бағалаумен танысып шықты. Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру туралы мәселелер жеке жағдайға байланысты кішігірім топтарда шешімін тауып жатты.
Мемлекеттік органдардағы біріңғай кадрлық қызметтің ұйымдастыруы және қызметі сынды өзекті тақырыпты арқау еткен бүгінгі семинар қатысушыларға мол мәлімет беріп, біліктілігін арттыруға себепші болды.