2013 жылдың 12 қыркүйек күні С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Дене тәрбиесi – ұлттың денсаулығы» атты дөңгелек үстел онлайн режимі арқылы өтті.
Аталмыш іс-шараның мақсаты – салауатты өмiр салтына, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға студенттік жастарды тарту, олардың спорттық белсенділігі мен шеберлігін арттыру.
Дөңгелек үстелге қатысушылар: Донбасс мемлекеттік педагогикалық университеті (Славянск қ., Украина), Забайкалдық мемлекеттік университеті (Чита қ., Ресей), Полесс мемлекеттік университеті (Пинск қ., Беларуссия), С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы), Жалал-Абад мемлекеттік университеті (Жалал-Абад қ., Қырғызстан).
С. Торайғыров атындағы ПМУ атынан дөңгелек үстелге Дамыту стратегиясы бойынша және тәрбие мен әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Арман Әкішев, География және туризм кафедрасының аға оқытушысы Гүлмаржан Қасенова (дөңгелек үстел үйлестірушісі), Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің декан орынбасары Айгүл Егінбаева, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Юрий Мастобаев, Б-302 тобының студенті Николай Мартынюк, ОЗХТ-301 тобының студенті Болат Баймагамбетов, Тур-302 тобының студенті Дархан Исенкин қатысқан.
Мамандардың өзара талқылау нәтижесінде болашақта қатысушылардың санын халықаралық деңгейде ұлғайту, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша студенттік конференцияларға материалдарды дайындау, «Дене шынықтыру әдістемесі», «Дене шынықтыру және денсаулық», «Функционалдық диагностика» атты пәндерге дөңгелек үстелдің материалдарын енгізу сияқты шешімдер қабылданды.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар дене шынықтыру және спорт тақырыптағы ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұсынатын аймақтық көрмесінің ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті.