С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Қазақстанның тұрақты дамуының қазіргі мәселелері мен келешегі» атты халықаралық онлайн-конференция өтті.

 

Конференция ұйымдастырушылары: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Білім беруді ақпараттандыру орталығы.

Конференция барысында әлемдік экономиканың қазіргі жағдайы туралы С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың ғалымдары, атап айтсақ, конференция үйлестірушісі, Экономика кафедрасының профессоры, э.ғ.к. Алексей Тиков, Қаржы-экономика факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Тахир Эрназаров өз баяндамаларын ұсынды. Университеттің Биология және экология кафедрасының доценті, б.ғ.д. Александр Убаськин Павлодар-Екібастұз аумақтық кешенінің экологиялық мәселелері жайында және экономика магистрі, Экономика кафедрасының докторанты Мәдина Кәрімбергенова Қазақстан экономикасының келешегі жөнінде сөйледі.

Сонымен қатар, халықаралық конференцияға «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының Мәскеу өкілдігі (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы), Қырғызстан Халықаралық университеті (Бішкек қ., Қырғызстан), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан Республикасы) Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы), Оңтүстік Қазақстан Мемелекеттік педагогикалық университеті (Шымкент қ., Қазақстан Республикасы), Қазақ Қаржы-экономикалық академиясы (Семей қ., Қазақстан Республикасы), Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің (Көкшетау қ., Қазақстан Республикасы) ғалымдары қатысқан.