С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Агротехнологиялық факультеті Зоотехнология, генетика және селекция кафедрасының аға оқытушысы Бибиғайым Құсанова К.И.Скрябин атындағы Мәскеу мемлекеттік мал дәрігерлік медицина және биотехнология академиясындағы біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Біліктілікті арттыру курстары Ресейлік Федерациясы, сонымен қатар, алыс және жақын шет елдердің ғалымдары мен жоғары білімді мамандары үшін ұйымдастырылды.

К.И.Скрябин атындағы Мәскеу мемлекеттік мал дәрігерлік медицина және биотехнология академиясындағы біліктілікті арттыру курстарында «Патологиялық сырқаттардан бұзылған өнімдердің мал дәрігерлік-санитарлық бағалауы», «Сүт, жұмыртқа, бал секілді өнім тағамдарының сараптама мәселелері» атты тақырыптар бойынша арнайы дәрістер, зертханалық және практикалық сабақтар өткізілді.

Соған қоса, курстарға қатысушылар Мәскеу қаласының азық-түлік нарықтарындағы жануар текті тамақ өнімдерінің бақылау ережелерімен таныстырылды. Бұл тақырып ары қарай С.Торайғыров атындағы ПМУ Агротехнологиялық факультетінің «Мал дәрігерлік санитария» және «Мал шаруашылығының өнімдерін өндіру технологиясы» сынды мамандықтарында өз жалғасын таба бермек.

Бибиғайым Темирғалиқызы айтуы бойынша, оқу курстары барысындағы тәжірибе алмасу екі жаққа да тиімді болды. К.И.Скрябин атындағы Мәскеу мемлекеттік мал дәрігерлік медицина және биотехнология академиясының ғалымдары «Ауылшаруашылық малды азықтандыру мәселелері» пәндегі түрлерін және әдістерін жетілдіру жөніндегі өз тәжірибесін ұсынып, ПМУ-дан келген әріптесіне зертханалық және өз еркімен жасалған жұмыстарды істеуге көмектесетін оқу-әдістемелік құралын сыйға тартты.

Курстар соңында Бибиғайым Құсановаға Ресейлік Федерациясында өткен біліктілікті арттыруын дәлелдейтін куәлік берілген.

Бибиғайым Темирғалиқызы академия ғалымдары және курстас әріптестерімен жолға қойылған байланыстар арқасында белгілі ресейлік ғалым, К.И.Скрябин атындағы Мәскеу мемлекеттік мал дәрігерлік медицина және биотехнология академиясы Зоотехнологиялар және агробизнес факультетінің профессоры Лидия Топорова жақында Қазақстанға келіп С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университететінде дәріс оқуды жоспарлаған.