Акцияны өткізу мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қарт адамдарға әлеуметтік қолдау, жастарды азаматтық патриотизмге тәрбиелеу, ҰОС ардагерлері мен еңбек етушілерінің мәселелерін жұртшылық назарына салу.

 

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Тәрбие жұмыстары мен әлеуметтік сұрақтар бөлімінің жетекшісі Дана Мұхамеджанованың айтуынша: «Жеңіс күні қарсаңында Қазақстанның түкпір-түкпірінде жас қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы ардагерлерін тұрмысына қажетті бұйымдары мен тағам өнімдерімен қамтамасыз етіп, мәдени-сауықтық шаралар ұйымдастыруда, үй шаруашылығына қолғабыс болуда. Батырларымызға жасаған бұл қолдауымыз – аздық екені рас».

9 мамыр – Ұлы Жеңістің қуанышы мен қайта оралмас жоғалтулардың күйініші бір арнаға тоғысқан ерекше мереке.

«Соғыс жылдарындағы ұлы ерлік біздің жадымыздан, жүрегімізден соғыс ардагерлерімен бірге ұмытылып кеткенін қаламаймыз. Біз бүгінде жанымыздағы абзал жандарға қолдау көрсеткіміз келеді», - деді С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Студенттік белсендісі Мирас Құрманғалиев.

Ұлы Жеңіс күніне орай ардагерлер ұйымының мүшелеріне гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар, сонымен бірге қосымша материалдық көмек көрсетілді.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар департаментінің басшысы Қайырбай Әшенов С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ҰОС ардагерлері мен еңбекшілерін қолдайтын қандайда әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға әрі әлеуметтік кепіл болатынын мәлім етті.

Ардагерлердің мәселелерін талқылап, шешім табуына мүмкіндік беретін осы сынды акциялар С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жиі ұйымдастырылатын ізгі шаралар қатарында.