2013 жылдың 12 сәуірінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ПМУ-дың профессорлық-оқытушылар құрамы және магистранттары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Талғат Ерғалиевпен кездесті.

 

Мәжіліс депутаты Талғат Ерғалиев университетке қызметтік іс-сапармен келді.

Сапардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн реформалау тұжырымдамасы жөніндегі мәселелер, сонымен қатар, қазіргі тәрбие беру ісіндегі проблемаларды шешу жолдарын талқылау.

Кездесуді ашқан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев келген қонақты университет жетістіктерінің тарихымен таныстырып өтті.

Жалпы айтқанда, кездесу ашық әңгіме түрінде өтті. Іс-шараға қатысқан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқу жұмыстары жөніндегі проректоры, п.ғ.д., профессор Нелли Пфейфер және факультет декандары елімізде жүзеге асырылған әлеуметтік және білім беру реформаларын қолдай отырып, оларды кезең-кезеңмен жүргізілетініне үміт артты. Осы көзқарасқаТалғат Файзуллаұлы толықтай келісім білдірді.