С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхананың директоры, т.ғ.к. Саида Исамадиева Қазақстан жоғарғы оқу орындарын кітаппен қамтамасыз ету мәселелері бойынша VIII Республикалық конференцияға қатысып, оқу үрдісін жаңа буын оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етудегі кітап қорын толықтыру және жаңарту жұмыстарының нәтижелі еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы қола медалімен марапатталды.
Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының ұйымдастыруымен «Ғылым ордасының» концерттік залында өтті.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Фатима Жақыпова, ЖОО ректорлары, оқу-әдістемелік секциялар жетекшілері, оқулықтар авторлары, шетел оқулықтарының аудармашылары, ЖОО кітапханаларының басшылары, баспа өкілдері қатысты.
Конференция барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тақырыптық жоспары бойынша базалық оқулықтарды басып шығару және шетелдік әдебиеттерді мемлекеттік тілге аудару жұмысы өзекті мәселенің бірі болып табылды.
Шара барысында кітаптарды шығаруға атсалысқан ең үздік авторлар мен баспагерлерге төс белгілер, құрмет грамоталар және жоғары оқу орындарының қауымдастығының медалдары табысталды.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхананың директоры, т.ғ.к. Саида Исамадиева конференцияға қатысып оқу үрдісін жаңа буын оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етудегі, кітап қорын толықтырудағы және жаңартудағы нәтижелі еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы қола медалмен марапатталды.
Саида Ахметқызы биыл 55 жылдығын тойлап өтті. Ол жылдар бойы басқарып отырған ПМУ-дың кітапханасы облыстық және республикалық білім беру кеңестігіне ат салысты.
С.Торайғыров атындағы ПМУ ЖОО арасындағы Республикалық электрондық кітапханалар жүйесіне енгізілген. Жақын арада кітапханада 50 орынға шамаланған электрондық оқу залы ашылды.
Қазірдің өзінде әзірленді: 32 электрондық оқу курстары, 5 электрондық оқулықтар, 5 электрондық оқу құралдар, 2 виртуалдық зертханалар. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.