2013 жылдың 28 ақпанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Павлодар облысының әкімдігі ұйымдастыруымен «Дипломмен – ауылға» жобаға қатысушылары мен ЖОО бітірушілерінің арасында «Дипломмен – ауылға» атты облыстық конференция өтті.

 

Конференция нәтижелері бойынша жастардың еліміз бен аймағымыздағы қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысуын жандандыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру идеясын қолдау жөніндегі шешім қабылданған. Сонымен қатар, «Дипломмен – ауылға!», «Жастар саясаты», «Жұмыспен қамту-2020», «Жайлау» сынды жобалар жайындағы ақпараттық науқанын ары қарай жалғастыруда.

Және де, конференция қатысушыларының айтуы бойынша, аталмыш ақпараттық науқанға мүдделі мемлекеттік мекемелер мамандарының назарын аударып, ауыл жастарының өзекті мәселелері бойынша пікірталасуға жағдай жасау қажет.