Студенттік және жастар құрылымның мүшелерінің және жетекшілерінің ішінен студенттік белсінділер үшін, соның ішінде жастар жұмысы бойынша комитетінен, ҚХА Ассамблеясының студенттік филиалының, студенттік Кеңесінің, магистранттар Кеңесінің және т.б., С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2013 жылдың 21 ақпанында «Діни радикализмнің бастауы және идеялық мазмұны мен қарсылық әдісі» атты семинар-практикум өтті.
Семинар-практикумның мақсаты – «Қазақстан 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасымыздың Жолдауында қойылған міндет контекстіне орай, діни радикализмнің негізін түсіндіру бойынша студенттік актив үшін ақпараттық-ағартушылық жұмыс.
Семинар-практикумның ұйымдастырушы – С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің Аймақтық ғылыми-практикалық орталығы.
Семинар-практикум қатысушыларының алдында Орталық қызметкерлері ф.ғ.к., жоғарғы деңгейлі маман Майра Кожамжарова «Қазіргі кезеңдегі студенттердің діни өзіндік ұқсастылықтың ерекшелігі: мәселелері, салдары және шешу жолдары» атты тақырыбы бойынша, философия магистрі, кіші ғылыми маманы Айнаш Уызбаева діни радикализмнің мәні және идеялық бастауы жөнінде, белгілі теолог Жолдас Бертымұратов деструктивтік культтегі сана-сезімді бақылау және іске алу әдістері жайында сөз сөйледі. Сонымен қатар, Орталық директоры Нұржамал Тышқанова «Rukhani alem» сайтының жаңартуын ұсынды.
Жұмыс кезінде, діни радикализм туралы ескерту және профилактика сұрағы бойынша студенттік жастармен жұмысты жетілдіру үшін ой-пікірмен және шараның қатысушыларының ұсыныстарымен бөлісу болды.