«Toraighyrov university» баспасында тоқсан сайын келесі ғылыми журналдар шығаралады: «Қазақстанның ғылымы мен техникасы», «Өлкетану-Краеведение» және «Торайғыров университетінің хабаршысы» (7 серия бойынша).
Бір нөмірдің таралымы 300 дана. Журналдар Қазақстан Республикасы және ТМД елдер аймағында таралады.
«Toraighyrov university» баспасы директоры - Омарова Айгерим Рымболатовна
Баспа бұрын "Кереку" деп аталды. 2004 жылдан бастап «Кереку» ғылыми-баспа орталығы жұмыс атқаруда. С. Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми баспа орталығы № 1-02-06/560 бұйрығы негізінде "Кереку" баспасы болып 22.06.2007 ж. қайта құрылды.
Мақсаты: Баспаханада ғылыми әдебиеттерді университеттің оқу процессін қамтамасыз ету үшін шығару.
«Торайғыров университеті» КЕАҚ-ның «Toraighyrov university» баспасының негізгі атқаратын қызметі:
- 8 сериядан тұратын «Торайғыров университетінің хабаршысы» журналын шығару (жылына 4 рет):
1) «Педагогикалық сериясы» - ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынатын басылымдар тізбесіне 2021 жылдың наурызынан бастап кіреді;
2) «Филологиялық сериясы» - ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынатын басылымдар тізбесіне 2021 жылдың қыркүйектен бастап кіреді;
3) «Энергетикалық сериясы» - ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынатын басылымдар тізбесіне 2022 жылдың қаңтарынан бастап кіреді;
6) «Химия-биологиялық сериясы»
7) «Физика, математика және компьютерлік ғылымдар сериясы»;
8) «Зан сериясы»;
- «Қазақстан ғылымы мен техникасы» (жылына 4 рет);
- «Өлкетану-Краеведение» журналын шығару (жылына 2 рет);
- өткізілетін конференция материалдарының жинағын шығару;
- кітаптар мен монографиялар шығару;
- оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді басу;
- университет бөлімдері үшін бланкті өнімдерді басу;
- полиграфиялық өнiмдерді басу;
- электрондық кiтаптардың шығару.
Оқу-әдiстемелiк әдебиеттерді шығару университеттiң ректорымен оқу жылының басында құрылған жоспар бойынша жүргiзіледi, жоспардан тыс (қызметтiк хат бойымен) және келiсiм-шарт бойынша (қажеттi құжаттарды бақылап отырумен) іске асырылады.