Торайғыров университетіне жұмыс сапарымен Директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелері келді.

 

Сапар барысында университет қызметінің қорытындылары қаралып, алдағы кезеңге арналған стратегиялық міндеттер айқындалды.

 

Кездесудің алғашқы бөлімінде Директорлар кеңесінің мүшелері TOU-дың білім беру және ғылыми инфрақұрылымымен танысты. Сондай-ақ цифрландыру бағытындағы жұмыстарға және AI-Sana жобасы аясында студенттер жүзеге асырып жатқан жобаларға назар аударылды.

 

Ғылыми жобалар көрмесінде университет ғалымдары өз зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижелерін таныстырды.

 

Бұдан кейін делегация ректор Нұрлан Медетовтің қоғам өкілдерімен өткен есептік кездесуіне қатысты. Кездесу барысында жыл қорытындылары таныстырылып, білім беру мен ғылым саласындағы жетістіктер, халықаралық ынтымақтастықтың дамуы, цифрлық трансформация және индустриялық серіктестермен байланыс мәселелері қамтылды.

 

Сапар аясында университеттің атқарған жұмыстары сараланып қана қоймай, оның алдағы даму перспективалары, жаңа бастамалары мен басым бағыттары да талқыланды.