ТОРАЙҒЫРОВ УНИВЕРСИТЕТІ QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS 2027 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГІНІҢ ЖӘНЕ QS STARS ЖҮЙЕСІНІҢ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ


QS EURASIA FORUM 2026 халықаралық форумы аясында әлемдегі беделді жоғары оқу орындарының рейтингін қалыптастыратын QS World University Rankings тізіміне енген университеттерді марапаттау рәсімі өтті.


QS World University Rankings 2027 қорытындысы бойынша Торайғыров университеті әлем университеттері арасында 1401+ санатынан орын алды.


Университеттің тағы бір маңызды жетістігі – QS Stars халықаралық бағалау жүйесі бойынша 4 жұлдызға ие болуы. Бұл баға университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша жүргізілген кешенді талдау нәтижесін көрсетіп, жоғары білім сапасының халықаралық стандарттарына сай болуға бағытталған жүйелі жұмысты айқындайды.


Марапаттарды Басқарма төрағасы – ректор Нұрлан Медетовке QS Quacquarelli Symonds халықаралық ұйымының президенті әрі Директорлар кеңесінің төрағасы Нунцио Кваккуарелли табыстады. Аталған ұйым университеттердің қызметін бағалап, жоғары білім беру саласындағы жаһандық рейтингтерді қалыптастырады.


Торайғыров университетінің QS халықаралық рейтингіне енуі және QS Stars жүйесінде 4 жұлдызға ие болуы – оның жаһандық академиялық кеңістікке интеграциялануының, білім беру сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі.


Бұл марапаттар университеттің халықаралық академиялық аренадағы орнын айқындап, білім беру мен ғылым саласындағы одан әрі даму мен жетілдіруге деген ұмтылысын көрсетеді.


Торайғыров университеті халықаралық беделін нығайтып, академиялық әріптестікті дамытуды және студенттер, оқытушылар мен зерттеушілер үшін кәсіби әрі ғылыми өсуге жаңа мүмкіндіктер жасауды жалғастырады.