Торайғыров университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жвлдығына, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдығына арналған VII республикалық «PRESIDENT CUP VII» пікірсайыс турнирі өтті.

 

Биылғы зияткерлік додаға Астана қаласы мен еліміздің сегіз облысынан 32 команда (64 қатысушы) жиналды. Қатысушылардың арасында турнирге бірнеше жылдан бері тұрақты келіп жүрген студенттер де бар. Мәселен, Астанадан келген кейбір пікірсайысшылар бұл додаға төртінші-бесінші жыл қатарынан қатысып отыр.

 

Екі күнге созылған турнир барысында қатысушылар Британдық парламенттік және Линкольн–Дуглас форматтарында бақ сынады.

 

Бірінші күні мемлекет спортқа, өнер мен кино салаларына бюджет қаражатын бөлуі керек пе деген мәселе талқыланды. Аталған салалардың азаматтардың әл-ауқатына тікелей әсері қаншалықты деген сауал да пікірталасқа арқау болды.

 

Ал екінші күнгі қарар алдағы он жылда адамның табиғи құқықтарының құндылығы айтарлықтай төмендеуі мүмкін деген болжамға арналды. Студенттер өз ұстанымдарын дәлелдермен негіздеп, қарсы тараптың уәждеріне жауап берді.

 

Турнир жеңімпаздары: Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - Алихан Айтбаев, Нұртас Күздеубаев

 

Негізгі алаңының финалистері

Қарағанды қаласы, Қазтұтыну Одағы университеті: Сланбек Елемес, Әмірәлі Аяулым.

Қарағанды қаласы, Бөкетов университеті: Асетова Аяулым, Бердалы Құнанбай

Қарағанды қаласы, Бөкетов университеті: Айгерім Тұрсынбаева, Нұрәсем Ахан

Үздік спикер: Нүргелді Серікбосынов - Семей қаласы, Шәкәрім университеті

 

Жастар алаңының финалистері: «Сократ» - Петропавл қаласы, Манаш Қозыбаев университеті - Бахтықожа Лаура, Қасым Нұрсая, «Самұрық А» Қарағанды қаласы, Әбілқас Сағынов атындағы техникалық университеті. - Жақсыбаева Алия, Мұханбет Томирис, «Харассмент»  Көкшетау қаласы, Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университеті - Хуанған Айғаным, Бахытбек Нұрислам

 

Жастар алаңының үздік спикері: Ақниет Ерқажан Өскемен қаласы, Сәрсен Аманжолов атындағы университеті.

 

Турнирдің жалпы жүлде қоры 560 мың теңгені құрады.