Торайғыров университетінде дәстүрлі «Студенттік көктем» шығармашылық жобасы жалғасуда. Бұл жолы өнер додасының кезекті бағдарламасын Инженерия факультеті ұсынып, студенттерді музыка мен шығармашылықтың айналасына топтастырды.

 

Факультет студенттері өз өнерлерін ортаға салып, түрлі шығармашылық нөмірлер мен мерекелік бағдарлама ұсынды. Кеш жастарға қабілеттерін танытып, шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетуге және университеттік ортадағы бірлікті нығайтуға мүмкіндік берді.

 

Өз бағдарламасын аяқтаған Инженерия факультеті «Студенттік көктем» эстафетасын Жаратылыстану ғылымдары факультетіне табыстады. Енді олар жобаның келесі бағдарламасын көрермен назарына ұсынбақ.