Торайғыров университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын түсіндіру мақсатында Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген делегация өкілдерімен кездесуі өтті.

 

Кездесу барысында энергетикалық тәуелсіздікті нығайту, инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

 

Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары Жарқынбек Амантайұлы мен Илья Теренченко, Қазақстан Халық Кеңесінің қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрайымы Вера Ким, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Эльдар Кузенбаев және ҚР Энергетика вице-министрі Бахытжан Ильяс болды.

 

Сондай-ақ кездесуде «Адал азамат» тұжырымдамасын ілгерілету, жауапкершілігі жоғары жас ұрпақты тәрбиелеу және елдің стратегиялық міндеттерін жүзеге асырудағы жоғары білімнің рөліне ерекше назар аударылды. Өз ой-пікірлерін «Үштұғырлы тіл» кафедрасының меңгерушісі Айман Зейнулина мен сәулет-құрылыс факультетінің деканы Гюльнара Жукенова да ортаға салды.

 

Кездесу ашық пікір алмасу алаңына айналып, Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттар білім, ғылым және жас ұрпақтың болашағы тұрғысынан кеңінен талқыланды.