Торайғыров университетінде Студенттік ректорды сайлау аяқталды. Дауыс беруге университет студенттері мен оқытушылары қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша Computer Science факультетінің 3-курс студенті Станислав Кириченко Студенттік ректор болып сайланды.



Дауыс беру екі күн бойы өтті. Биыл Студенттік ректор лауазымына жеті үміткер өз кандидатурасын ұсынды. Сайлауалды науқан барысында кандидаттар өз бағдарламаларын таныстырып, студенттермен кездесулер өткізді және студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.



Айта кетейік, Студенттік ректор білім алушылардың өкілі ретінде студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға ықпал етеді. Оның негізгі міндеттеріне студенттердің мүддесін білдіру, жастардың бастамаларын қолдау және білім алушылар мен университет арасындағы өзара байланысты нығайту кіреді.