«Ертіс: достық өзені – даму өзені» II Халықаралық форумының қатысушысы, Югорск мемлекеттік университетінің Карбон дата-орталығының жетекшісі Ирина Иванова Торайғыров университетіне келді.

 

Сапар барысында Ирина Ивановаға Торайғыров университетінің ғылыми зертханаларының қызметі таныстырылып, университеттің ғылыми зерттеулер жүргізу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері ұсынылды.

 

Кездесу барысында тараптар одан әрі ынтымақтастық орнату перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, бірлескен білім беру бағдарламасын және қос дипломды білім беру бағдарламасын әзірлеу, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері қарастырылды.

 

Айта кетейік, Югорск мемлекеттік университетінің Карбон дата-орталығы – парниктік газдар ағындары туралы деректерді мониторингтеу, жинау және бағалаумен айналысатын ғылыми-зерттеу және талдау орталығы. Орталық қызметінің негізгі бағыттарына экологиялық мониторинг жүргізу, көміртегі балансын бағалау, «Мухрино» көміртегі полигонында жұмыс жүргізу, сондай-ақ климаттық жобалар аясындағы парниктік газдар шығарындылары туралы деректерді верификациялау жатады.