Торайғыров университетінде Экономика және құқық факультетінің 1-курс студенттері үшін «Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында «Академиялық адалдықты қалыптастыру» тақырыбында түсіндіру кездесуі өтті.



Кездесудің басты мақсаты – бірінші курс студенттерін академиялық адалдық қағидаттарымен таныстыру, өз шешімдері мен іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға үйрету, сондай-ақ оқу үдерісіне саналы әрі адал көзқарас қалыптастыру.



Кездесу барысында студенттерге академиялық адалдық ережелері мен белгіленген талаптарды сақтау, цифрлық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ университеттік ортаға бейімделудің психологиялық аспектілері туралы ақпарат берілді.



Кездесуде Экономика және құқық факультетінің деканы Юрий Колесников, Комплаенс қызметінің басшысы Жанна Матенова, Цифрлық даму және жасанды интеллектті енгізу департаментінің жобалық менеджері Асель Мукашева және TOU Психологиялық қолдау қызметінің психологы Эсет Хайхороева спикер ретінде сөз сөйледі.



Мұндай кездесулер бірінші курс студенттерінің университеттік ортаға тезірек бейімделуіне, өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінуіне және оқу жолының алғашқы күндерінен бастап жауапкершілікпен әрекет ету дағдысын қалыптастыруына ықпал етеді.