Toraighyrov University-де студенттер мен IT қауымдастығы өкілдерін біріктірген Programmers Day өтті.



Іс-шараны Digital Kazakhstan стратегиясы аясында TITAN — Toraighyrov IT Advanced Network студенттік ұйымы ұйымдастырды. Іс-шараның ашылуында Басқарма мүшесі – стратегиялық даму, халықаралық ынтымақтастық және цифрландыру жөніндегі проректор Салтанат Аубакирова құттықтау сөз сөйледі. Ол Programmers Day қатысушылары мен қонақтарын құттықтап, цифрлық құзыреттерді дамыту мен жастардың заманауи технологияларға қызығушылығын арттырудың маңыздылығын атап өтіп, іс-шараның мазмұнды бағдарламасына бастау берді.



Қатысушылар IT экожүйесін дамыту, стартаптар, блокчейн, AI-агенттер, бағдарламалау және жасанды интеллект тақырыптарын талқылады. Сонымен қатар AI-Sana бастамасы мен жасанды интеллектті практикалық қолдану мүмкіндіктері таныстырылды.



Бағдарлама интерактивті форматта өтіп, студенттер сұрақтар қойып, «IT-дегі менің бағытым» кәсіби бағдарлау тестіне және Kahoot зияткерлік викторинасына қатысты. Іс-шара қорытындысы бойынша IT құзыреттерін дамытуға және өз жобаларын құруға қызығушылық танытқан жаңа қатысушылар TITAN ұйымына қосылды.