Торайғыров университетінде бірінші курс студенттеріне арналған Бағдарлау апталығы аясында университет факультеттерімен кездесу өтті.

 

Декандар, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері мен оқытушылар жаңа студенттерді оқу ерекшеліктерімен, дайындық бағыттарымен және оқу процесінің ұйымдастырылу тәртібімен таныстырды. Бірінші курс студенттеріне факультеттердің құрылымы, студенттерге арналған мүмкіндіктер және университет өмірінің негізгі аспектілері туралы айтылды. Сондай-ақ факультет өкілдері студенттердің сұрақтарына жауап беріп, оқу жылының басталуына қатысты маңызды ақпаратпен бөлісті.

 

Кездесу бірінші курс студенттері үшін оқытушылармен және факультет басшылығымен жақынырақ танысуға, сондай-ақ университет өміріне сәтті бейімделу үшін қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік берді.