Торайғыров университетінде студенттер жатақханаларының жаңа оқу жылына дайындығына, сондай-ақ қабылдау комиссиясының жұмысына мониторинг жүргізілді.

Комиссия құрамына Павлодар облысының студенттік омбудсмені Дәурен Шарипов, қоғамдық пікір көшбасшысы, “Заң мен тәртіп” идеологемасының амбассадоры Жамиля Буламбаева, сондай-ақ «Жастар Рухы» ұйымының төрағасы Мерғали Жүсіпов кірді.

Тексеру барысында университет жатақханаларының жағдайы, студенттердің тұру жағдайларының санитарлық және тұрмыстық талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ бірінші курс студенттерін қабылдауға дайындығы қамтылды. Студенттер үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға ерекше назар аударылды.