1 қыркүйек – білім мен жаңа бастамалардың бастауы. Осы айтулы күн қарсаңында Торайғыров университетінде биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын кәсіподақ мүшелерінің балаларына арналған ерекше мерекелік іс-шара өтті.

 

Балалық шақтан үлкен өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқалы отырған болашақ бірінші сынып оқушылары үшін бұл күн қуанышқа, жылы лебізге және көтеріңкі көңіл күйге толы болды.

 

Балалар үшін арнайы ұйымдастырылған мерекелік бағдарлама олардың көңілінен шығып, қуаныш пен күлкіге бөледі. Осындай игі бастамалар кәсіподақ мүшелеріне ғана емес, олардың отбасыларына да қолдау көрсетудің жарқын үлгісі. Балалардың қуанышын бөлісіп, олардың білім жолындағы алғашқы қадамын қолдау – ұйымның әлеуметтік бағыттағы маңызды жұмыстарының бірі.

 

Болашақ бірінші сынып оқушыларына жаңа оқу жылында сәттілік тілейміз! Әр баланың мектептегі алғашқы жылы қызықты оқиғаларға, жаңа достыққа және үлкен жетістіктерге толы болғай!