Торайғыров университетінде «Цифрлық трансформация дәуіріндегі университеттің академиялық дамуы және стратегиясы» атты жазғы мектеп өтті.

 

 

Іс-шара қазіргі университеттің академиялық дамуы, стратегиялық басқаруы және цифрлық трансформациясының өзекті мәселелеріне арналды. Жазғы мектеп білім беру сапасын арттыруға бағытталған тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және практикалық шешімдерді іздеу үшін университет басшылары мен қызметкерлерін біріктірді.

 

 

Бағдарлама аясында қатысушылар университеттің дамуына тікелей қатысты кең ауқымды мәселелерді қарастырды. Негізгі тақырыптардың қатарында академиялық саясат және академиялық ресурстарды тиімді басқару, университеттің бәсекеге қабілеттілігі және QS WUR, Ұлттық рейтинг пен «Атамекен» рейтингтеріне қатысу, цифрлық трансформация, халықаралық жобалар және білім беруді интернационалдандыру мәселелері бар.

 

 

Білім беру бағдарламаларын жобалау және оңтайландыруға, білімді бағалаудың заманауи құралдарына және KPI-ді нәтижелілікті арттыру құралы ретінде пайдалануға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар шетелдік білім алушыларды университеттің білім беру ортасына бейімдеу және интеграциялау маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

 

 

«Цифрлық трансформация дәуіріндегі университеттің академиялық дамуы және стратегиясы» атты жазғы мектеп Торайғыров университетінің дамуына бірыңғай тәсілді қалыптастыруға және жоғары білім берудің заманауи сын-қатерлеріне жауап беретін тиімді академиялық ортаны құруға бағытталған маңызды қадам болмақ.