ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Ізбасарқызы Көбенова Торайғыров университетіне жұмыс сапарымен келіп, жоғары оқу орнының жаңа оқу жылына дайындығымен және білім беру мен ғылым бағытындағы негізгі жұмыстарымен танысты.



Жұмыс сапары барысында вице-министр университеттің бірқатар маңызды нысандарын аралап, оқу аудиторияларының жаңа оқу жылына дайындығын, қабылдау комиссиясының жұмысын және білім алушыларға жасалған жағдайларды көрді. Сонымен қатар, университеттің ғылыми-зерттеу әлеуетіне назар аударып, ғылыми зертханалардың қызметімен танысты.



Сапар барысында білім беру сапасын арттыру, ғылыми әлеуетті одан әрі дамыту, профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.



Кездесу қорытындысында жаңа оқу жылына қойылған басым міндеттер айқындалып, білім беру мен ғылымды дамыту бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.