Liaocheng University Dongchang College президенті Шао Синь, вице-президент Кун Линцянь және ынтымақтастық және даму офисінің директоры Сан Мэнсинь делегациясы Торайғыров университетіне ресми сапармен келді.
 
 
Кездесу барысында қос дипломды бағдарламасын іске асыру перспективалары жан-жақты қарастырылып, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту және ғылыми жобаларды жүзеге асыру бағытындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар өзара серіктестікті нығайтуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, ұзақ мерзімді әріптестіктің негізін қалады.
 
 
Ресми кездесуден кейін қонақтар университеттің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымымен танысты. Делегация энергетикалық жүйенің цифрлық егізі жобасын және автоматика стендін аралап, заманауи цифрлық технологиялардың өндіріс пен білім беру үдерісіне енгізілу барысымен танысты. Сонымен қатар өнеркәсіптік робототехника және автоматика зертханасы, электротехника және электроника зертханаларының материалдық-техникалық базасы көрсетілді.