Торайғыров университетінің ұжымы қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, корпоративтік мәдениетті дамыту және бейресми қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында табиғат аясында тимбилдинг ұйымдастырды.

 

Тимбилдинг барысында қатысушылар үшін арнайы тренинг, квест және спорттық эстафеталар өткізілді. Әріптестер еркін форматта пікір алмасып, көтеріңкі көңіл күймен уақыт өткізді.

 

Торайғыров университетінде қызметкерлердің кәсіби және тұлғалық дамуына, сондай-ақ қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыруға бағытталған осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.