Toraighyrov University-де декан орынбасарларына арналған Жазғы мектеп жұмысы аяқталды.



Жазғы мектептің мақсаты – студенттермен жүргізілетін тәрбие және идеологиялық жұмыстың басым бағыттарын айқындап қана қоймай, жастар саясаты мен идеологиялық жұмыстың мемлекеттік деңгейдегі басымдықтарын тереңірек түсіндіру, тәжірибе алмасу және жаңа оқу жылына арналған міндеттерді нақтылау болды.



Іс-шараның ашылуына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан қатысып, жастар саясаты мен ел идеологиясындағы өзекті бағыттарға тоқталып, практикалық мысалдармен бөлісті.



Үш күн ішінде қатысушылар студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыру, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, медиа сауаттылық, медиация, іс-шара ұйымдастырудың тиімді тетіктері және тәрбие жұмысының заманауи форматтары төңірегінде пікір алмасты.



Жазғы мектеп аясында түрлі кейстер қарастырылып, тәжірибе бөлісуге және алдағы оқу жылына арналған ортақ жоспарды қалыптастыруға мүмкіндік туды.



Жазғы мектепті қорытындылау барысында үш буын өкілдерін біріктіретін, университеттің жағымды имиджін қалыптастыруға және идеологиялық жұмысты бірлесіп жүргізу мақсатында «Идеологиялық кеңес» жаңа оқу жылынан өз жұмысын бастайтыны айтылды.