Торайғыров университетінде 2026 жылғы түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараны Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің бастамасымен Мансаптық даму бөлімі өткізді.

 

 

Жәрмеңкеге Павлодар облысындағы әкімдіктерден 20-дан астам өкіл қатысты. Кездесу барысында олар студенттерге мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңартылған тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар және мемлекеттік органдардағы кәсіби даму мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.

 

 

Сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің өкілдері түлектермен әңгімелесу өткізіп, олардың сұрақтарына жауап берді әрі үміткерлердің түйіндемелерімен танысты. Шараға қатысушылар әлеуетті жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатып, еңбек нарығындағы мүмкіндіктер жөнінде мол мағлұмат алды.

 

 

Мұндай іс-шаралар жоғары оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланысты нығайтып қана қоймай, жас мамандардың заманауи еңбек нарығына бейімделуіне және кәсіби жолын табысты бастауына ықпал етеді