Астанада мектеп оқушылары арасында өткен V халықаралық Robotek Grand Tournament Astana 2026 робототехника чемпионаты өз мәресіне жетті.

 

 

Ауқымды додаға түркітілдес жеті елден 200-ден астам команда қатысып, ол STEM-білім беру мен өңірдің цифрлық трансформациясы саласындағы маңызды іс-шаралардың біріне айналды. Чемпионаттың негізгі мақсаты – робототехника, инженерия және бағдарламалау бағытында дарынды оқушыларды анықтап, қолдау көрсету, сондай-ақ жастар арасында техникалық мамандықтарды насихаттап, техникалық білім берудің маңызын арттыру.

 

 

Жарыс тоғыз санат бойынша ұйымдастырылды. Олардың қатарында «Роботек», «Инверстік сызық бойымен жарыс», «Жеткізуші робот», «Мерген», «Ту жеткізу», «Сұрыптаушы робот», «РобоБаскетбол», «Matrix League of Mecha-clash» және «Matrix Rising Pioneers – Innovation Challenge» бар.

 

 

Торайғыров университеті атынан чемпионат қазылар алқасының құрамында Электротехника және автоматтандыру кафедрасының қауымдастырылған профессоры Михаил Ярославцев жұмыс атқарды.

 

 

Сонымен қатар байқауға қатысқан 11-сынып оқушылары арасында Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының білім гранттары сарапқа салынды. Торайғыров университетінің білім гранттарын Шығыс Қазақстан облысынан Токтамысов Мерей мен Көкшетау қаласынан Саду Мейрам иеленді.

 

 

Университеттің осындай халықаралық жобаларға қатысуы инженерлік және техникалық білім беруді дамытуға, дарынды жастарды қолдауға және елдің болашақ кадрлық әлеуетін қалыптастыруға ықпал етеді. Бүгінде робототехника, бағдарламалау және автоматтандыру заманауи өндіріс пен технологиялық дамудың басым бағыттарына айналып отыр. Ал STEM саласына қызығушылық танытқан оқушыларды қолдау – жаңа буынның бәсекеге қабілетті мамандарын даярлаудың маңызды алғышарты