Toraighyrov University халықаралық QS Stars бағалау нәтижелері бойынша алғаш рет 4 жұлдыз иеленіп, институционалдық даму деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Аталған жүйе 50-ден астам көрсеткішті қамтып, жоғары оқу орны қызметін кешенді түрде бағалауға мүмкіндік береді.
 
 

Бағалау қорытындылары бойынша университет «Білім беру», «Жұмыспен қамту» және «Басқару» бағыттарында ең жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, 5 жұлдызға ие болды. Бұл көрсеткіштер мамандар даярлау сапасының жоғарылығын және басқару үдерісінің тиімді ұйымдастырылғанын дәлелдейді.

 


Сонымен қатар оқу орны ғылыми зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастық салаларында да халықаралық талаптарға сай келетін деңгей көрсетті.
Аталмыш 4 жұлдызды рейтингке ие болу университет ұжымының білім беру бағдарламаларын жетілдіру, ғылыми қызметті дамыту және жаһандық деңгейдегі позицияларын нығайтуға бағытталған бір жылдық жүйелі еңбегінің нәтижесі болып табылады.



Бұл айтулы жетістікпен профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлер мен білім алушыларды құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруда сәттілік тілейміз!