Торайғыров университеті аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері сәндік бұталар мен гүлді өсімдіктерді отырғызу жұмыстарын жүргізді.



Көгалдандыру барысында ақ дерен, шетенжапырақты тобылғы, шетен, амур барқыты, жүзім, гортензиясияқты өсімдіктер отырғызылды.



Сонымен қатар гүлді өсімдіктер: флокс, барқытгүл, ирис, құлқайыр және тағы басқалары.

 


Іс-шара ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің деканы Ж.Ж. Уахитов, агротехнология кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Н.Б. Мустафаев, аға оқытушылар О.А. Ермакова және Б.А. Шалабаев жетекшілігімен өтті.



Мұндай бастамалар университет аумағын көркейтіп қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелейді әрі студенттерге кәсіби білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.



Таза Қазақстан — өзімізден басталады!