Торайғыров университетінде Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған «Конституция: құндылықтар және қоғам» атты аймақтық ағартушылық жобасы аясында қалалық пікірсайыс турнирі өтті.  

 

 

Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында қоғамдық келісім, рухани-мәдени құндылықтар мен конституциялық сананы дәріптеу.  

 

 

Турнирге өңірдің белсенді жастары қатысып, өзара тартысты әрі мазмұнды пікірталас жүргізді. Нәтижесінде:  


 I орын — Марғұлан университеті  
II орын — Павлодар технологиялық колледжі  
III орын — Торайғыров университеті  
III орын — Павлодар технологиялық колледжі  

 

 

Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Жастардың ой еркіндігі мен азаматтық белсенділігін дамытуға бағытталған осындай жобалар алдағы уақытта да жалғасын табады.