Торайғыров университетінде университет пен кәсіпорын арасындағы ұзақмерзімді серіктестік аясында «RWS Holding» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шараға бас директордың кеңесшісі Артур Хачатурян және персоналды басқару мен әлеуметтік бағдарламаларды дамыту жөніндегі бас директордың орынбасары Олеся Мячина қатысты.
Кездесу барысында тараптар кадр даярлаудың тәжірибеге бағытталған моделін күшейтуге және білім беру, ғылым мен өндіріс интеграциясын дамытуға негізделген «университет – кәсіпорын – ғылым» форматы аясындағы стратегиялық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Әсіресе, кәсіпорынның жетекші мамандарын оқу үдерісіне тарту, саланың заманауи талаптарын ескере отырып бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және қолданбалы жобаларды жүзеге асыру тетіктеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар қатысушылар өндірістегі ғылыми-технологиялық бастамаларды дамыту, оқу үдерісіне заманауи тренажерлар мен зертханалық жабдықтарды енгізу, сондай-ақ өнеркәсіп саласын кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.
Кездесуде халықаралық және шетелдік ынтымақтастықты кеңейту, шетелдік серіктестермен академиялық әрі ғылыми байланыстарды нығайту, сондай-ақ заманауи өнеркәсіптің даму талаптарына сай және білікті мамандар тапшылығы жағдайында сұранысқа ие кадрларды даярлау мәселелері де сөз болды.
Тараптар еңбек нарығында сұранысқа ие инженерлік мамандарды даярлау мен түлектерді жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру университет пен индустриялық серіктестер арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Мұндай серіктестік студенттердің практикалық құзыреттерін дамытуға, мамандар даярлау сапасын арттыруға және білім, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.




