«Студент және заң: құқық пен жауапкершілік» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында ұйымдастырылып, студент жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды. Іс-шараға 70-ке жуық студент қатысып, өздерін толғандырған құқықтық мәселелерге қатысты маңызды ақпараттар алды.
 
 
Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер қатарында білікті мамандар болды. Атап айтқанда, Рахимжанов Ризат Русланұлы – ҚР ІІМ есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы жөніндегі кеңес мүшесі, Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры; Тимиргалиева Ирина Александровна – Павлодар облысы ПД ЕҚҚІБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі; Токтар Рахат Серикович – Павлодар қаласы полиция басқармасының киберқылмыстарды тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты.
 
 
Спикерлер өз баяндамаларында нашақорлықтың алдын алу, интернет-алаяқтық, киберқылмыс және құқықтық жауапкершілік мәселелеріне кеңінен тоқталды. Қазіргі қоғамда өзекті болып отырған бұл тақырыптар студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, оларды ойландыра түсті.
 
 
Кездесу барысында студенттер кейс-талдау форматында түрлі өмірлік жағдайларды талқылап, құқықтық тұрғыдан шешу жолдарын қарастырды. Бұл тәсіл олардың сыни ойлау қабілетін дамытып, нақты жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйретті. Сонымен қатар, қатысушылар спикерлерге өз сұрақтарын қойып, кәсіби әрі нақты жауаптар алды.