Торайғыров университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Нұрлан Әмірұлы Медетов және университет ұжымынан 15 адам Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Алғыс хатымен” марапатталды. Ұжымның Жаңа Конституция жобасын талдап, түсіндіруге қатысқан, жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыруға және өткізуге айрықша атсалысып, азаматтық берік ұстаным арқылы мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіруге, игі бастамаларды жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі айрықша бағаланды. Торайғыров университетінің ұжымы қашанда ел келешегі жолындағы қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға атсалысуға әзір!