Торайғыров университетінде студенттер мен түлектерге арналған бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шара жұмысқа орналасуға ниетті жас мамандар мен жұмыс берушілердің өзара байланыс орнатуына мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.

 

 

Жәрмеңкеге өңірдегі әртүрлі ұйымдар мен компаниялардың өкілдері қатысты. Олар қолжетімді бос жұмыс орындарын таныстырып, еңбек жағдайлары, үміткерлерге қойылатын талаптар және мансаптық даму мүмкіндіктері туралы толық ақпарат ұсынды. Іс-шара барысында студенттер мен түлектер жеке кеңес алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайында кеңірек мағлұмат алды.

 

 

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі университет студенттері мен түлектерінің үлкен қызығушылығын тудырып, белсенді әрі іскерлік ахуалда өтті. Мұндай шаралар жоғары оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, жас мамандардың кәсіби жолын сенімді бастауына да айтарлықтай ықпал етеді