2026 жылдың 10–11 наурыз күндері Торайғыров университетінде Білім беруді аккредиттеу жөніндегі Орталық Азия қауымдастығы аясында сыртқы сараптамалық комиссия жұмыс жүргізді.

Сапар барысында университеттің 9 білім беру бағдарламасы бойынша мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өткізілді. Сарапшылар білім беру бағдарламаларының мазмұнымен, оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуімен, материалдық-техникалық базасымен танысып, профессор-оқытушылар құрамымен, білім алушылармен және университет басшылығымен кездесулер өткізді.

Аталған жұмыс университеттегі білім беру бағдарламаларының сапасын бағалауға, олардың ұлттық және халықаралық талаптарға сәйкестігін айқындауға мүмкіндік берді.

Сыртқы сараптамалық комиссия мүшелеріне кәсіби және мазмұнды жұмыстары үшін алғыс білдіреміз. Аккредиттеу үдерісінің нәтижелері университеттің білім беру сапасын одан әрі жетілдіруге және даму бағытын нығайтуға өз үлесін қосады деп сенеміз