«Күміс TOU – Күміс университет» жобасы аясында Торайғыров университетінде «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шараны Үздіксіз білім беру институты өткізді. Кездесуге Foundation бағдарламасының тыңдаушылары мен аға буын өкілдері қатысты. 

 

Бағдарлама барысында қатысушыларға арналған интерактивті тапсырмалар ұсынылып, екі буын арасындағы рухани байланысты нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Foundation тыңдаушылары өз өнерлерін ортаға салып, би билеп, ән орындады. Сонымен қатар қатысушылар «Болашақтағы өзіме хат» атты шығармашылық тапсырма аясында бір жылдан кейін қайта кездесуге уәде беріп, өз мақсаттары мен армандарын хат арқылы жеткізді. 

 

Кездесу барысында күміс буын өкілдері тәрбие, ұлттық құндылықтар және өмірлік тәжірибе туралы жүрекжарды ойларымен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңес берді. Шараның ұйымдастырылуына «Тұлғалық даму және білім беру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) Маусумбаев Рысбек Сапарбекович қолдау көрсетіп, белсенді атсалысты.

 

Университет қабырғасында ұйымдастырылатын осындай мазмұнды кездесулер жастардың ұлттық құндылықтарға құрметін арттырып, аға буын мен жас ұрпақ арасындағы алтын көпірді нығайта түседі.