Торайғыров университетінің базасында Павлодар облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің Ұлттық қауіпсіздік органдарының (ҰҚО) басшылық құрамына арналған «Тиімді басқару қызметін ұйымдастыру: практикалық құралдар» атты біліктілікті арттыру курсы өтті.



Курс бағдарламасы цифрлық трансформация жағдайында және адамға бағдарланған мемлекеттік басқару қағидаттарын енгізу аясында негізгі басқарушылық құзыреттерді дамытуға бағытталды. Оқу мазмұны Қазақстан Республикасының стратегиялық басымдықтарын, соның ішінде мемлекеттік аппаратты дебюрократияландыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, цифрландыруды және азаматтармен өзара іс-қимыл сапасын арттыруды ескере отырып әзірленді.



Сабақтарды философия докторы (PhD), Торайғыров университетінің қауымдастырылған профессоры Нұржанат Шеримова, сондай-ақ шақырылған сарапшылар – сертификатталған жобалық менеджер және кәсіби медиатор Гүлнара Исенова, мемлекеттік коммуникациялар және БАҚ-пен өзара іс-қимыл саласының сарапшысы Перизат Амерқұлова жүргізді.



Курс қатысушылары оқытудың тәжірибеге бағытталған форматын атап өтіп, оның қолданбалы басқарушылық дағдыларды қалыптастыруға және қабылданатын басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік бергенін айтты.