«Жаңа қазақстандық патриотизм» жобасы аясында жастар саясатын дамыту, дарынды жастардың креативті идеялары мен жаңа бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты республикалық байқау өз мәресіне жетті. Аталған байқау еліміздің түкпір-түкпірінен келген белсенді әрі талантты жастардың басын қосып, олардың әлеуетін айқындауға бағытталды.

 

 

Аталған байқауда Бауыржан Нұржан Бауыржанұлы - Торайғыров университетінің Саясаттану  мамандығының 2 курс студенті жүлделі орын иеленіп, жеңімпаз атанды. Ол оқу үлгерімімен қатар қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуы, азаматтық көзқарасы мен көшбасшылық қабілеті арқылы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. 

 

 

Бұл жетістік Бауыржан Нұржан Бауыржанұлының мақсатқа адалдығын, интеллектуалдық әлеуетін және қоғамдық мәселелерге саналы көзқарасын айқындайды. Оның республикалық деңгейде мойындалуы — білім мен азаматтық белсенділіктің үйлесуі нәтижесінде қол жеткізілген маңызды көрсеткіш.

 

 

Бауыржан Нұржан Бауыржанұлына алдағы оқу жолында, қоғамдық қызметінде жаңа жетістіктер, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!