Торайғыров университетінде Pavlodar Hub және IGlobal серіктестігінің ұйымдастыруымен AI-Hackathon өтті. Екі күндік шараға өңірдің түрлі оқу орындары мен IT-қоғамдастығынан жиналған талантты жастар қатысты.



Хакатонның басты мақсаты – видео, аудио және сурет форматындағы медиафайлдарды автоматты талдап, мәтін шығарып, оны түрлі тілдерге аудара алатын AI-модуль әзірлеу болды.



Қатысушылар қатаң дедлайны бар тапсырмаларды сәтті орындап, қазылар алқасы үздік командаларды анықтады:



AI-Hackathon қорытындысы бойынша 1 орынға Margulan Enactus командасы (Кенжебаев Алихан, Жандарбеков Мирас, Калжапаров Адиль), 2 орынға RomarioDev командасының өкілі Устименко Роман, ал 3 орынға жеке қатысушы Пичугин Павел ие болды. Хакатонның жалпы жүлде қоры 200 000 теңгені құрап, жеңімпаздар тиісінше 100 000, 60 000 және 40 000 теңгеден марапатталды.



Торайғыров университеті барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтайды! Жаңа идеялар, инновациялар және батыл жобалар әлі алда. Хакатонда жинаған тәжірибелеріңіз Павлодардың технологиялық экожүйесін дамытуға серпін беретініне сенімдіміз.