Павлодар облысы әкімі Асайын Байхановтың қатысуымен Естай атындағы қалалық мәдениет үйінде Павлодар облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің жетістіктеріне арналған көрме өтті. Іс-шара агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды.



Аталған көрмеге Торайғыров университеті белсенді түрде қатысты. Шара барысында Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті ғалымдарының ғылыми әзірлемелері мен жетістіктері жұртшылық назарына ұсынылды.



Бүгінде факультет жалпы құны 200 миллион теңгеден асатын 16 ғылыми-зерттеу және шаруашылық келісімшарттық жобаны жүзеге асыруда. Зерттеулердің негізгі бағыты – өңірдің аграрлық саласындағы өзекті мәселелерді шешу, инновациялық технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.



Көрмеге қатысу университет үшін ғылым мен өндіріс арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ ғылыми нәтижелерді кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік берген маңызды қадам болды.