Торайғыров университетінде Цифрландыру күніне арналған іс-шаралар аясында Венгрияның Обуда университетінің қауымдастырылған профессоры Амирхосейн Мосавимен кездесу өтті.



Сапар барысында профессор А. Мосави Павлодар облысының қонақтары мен кәсіпорын өкілдеріне арналған «How to use AI Correctly in Industry?» тақырыбында воркшоп өткізді. Сонымен қатар университеттің профессорлық-оқытушылар құрамына «The Ethics of Machine Learning Beyond Accuracy Toward Responsibility» тақырыбында семинар өткізіп, жасанды интеллект технологияларын қолданудағы этикалық және жауапкершілік қағидаттарының маңыздылығына тоқталды.



Кездесу барысында Обуда университетімен ынтымақтастықтың болашақ бағыттары талқыланып, профессор А. Мосавидің Торайғыров университетіндегі алдағы жұмыс жоспары қарастырылды.



Мұндай іс-шаралар халықаралық ғылыми және білім беру байланыстарын нығайтып қана қоймай, Торайғыров университетінің цифрландыру, жасанды интеллект және этикалық технологияларды дамыту салаларындағы әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шетелдік тәжірибе мен заманауи зерттеу тәсілдерін енгізу арқылы университеттің білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларының сапасын жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.