Бүгін Торайғыров университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің қатысуымен интернет алаяқтықтың алдын алу және киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасының басшысы Серік Ахметов интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері мен олардан қорғану жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.



Спикер атап өткендей, соңғы жылдары интернет арқылы жасалатын қылмыстардың саны артып келеді. Тек Павлодар облысының өзінде 2025 жылдың тоғыз айында 1962 алаяқтық фактісі тіркелген, оның 87 пайызы интернет арқылы жасалған.



Кездесу барысында қатысушыларға фишинг, жалған онлайн-дүкендер, жалған банктік қызметкерлер және басқа да кең тараған алаяқтық әдістер туралы нақты мысалдар келтіріліп, жеке деректерді қорғау мен кибергигиенаны сақтау бойынша практикалық кеңестер берілді.



Торайғыров университеті мұндай кездесулер оқытушылар мен қызметкерлердің құқықтық және цифрлық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ қоғамда қауіпсіз онлайн мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам деп санайды.