Торайғыров университетінде шетелдік студенттердің Павлодар облысы көші-қон полициясының өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуге ToU-да оқитын Нигерия, Түрікменстан, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан және басқа да елдерден келген шетелдік студенттер қатысты. Олардың алдында полиция майоры Бейбіт Қонысбек пен подполковник Гүлмира Шашенова сөз сөйледі. ЖОО тарапынан халықаралық ынтымақтастық орталығының басшысы Бибігүл Ақшулақова, орталық мамандары Анара Бектазинова, Адинай Дулатова және Жібек Халық қатысты. Сондай-ақ іс-шараға гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгерім Ташекова, жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер департаментінің әдіскері Айдана Мугамарова және студенттік актив өкілдері қатысты.
Аға инспекторлар шетелдік студенттердің Қазақстанның оқу орындарында болуының заңдары мен тәртібі туралы айтып берді. Полиция майоры Бейбіт Қонысбек студенттік визаның, студенттің тұруға ықтиярхат (ТЫЫ) құжаты болмаса, заңсыз еңбек қызметіне құқық бермейтінін атап өтті. Содан кейін этникалық қазақ болып табылмайтын шетелдік азаматтарға ТЫЫ алу шарттары түсіндірілді. Сондай-ақ майор студенттерді өз құжаттарына жауапкершілікпен қарауға шақырып, болу мақсаты виза түрі мен мерзіміне сәйкес келуі тиіс екенін атап көрсетті.
Полиция подполковнигі Гүлмира Шашенова өз сөзінде тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін өзекті болып табылатын жастарға арналған қазіргі қауіптерге назар аударды. Ол жастарды есірткінің заңсыз айналымына тарту жағдайларының өсуі туралы ескертіп, қылмыстық жауапкершілікті жеткізуші емес, есірткіні жасырушының өзі көтеретінін және жазаның ең төменгі мерзімі 7 жылға бас бостандығынан айыру екенін атап өтті. Сондай-ақ ол есірткі заттарын тұтыну мен сақтау шетел азаматтары үшін қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын баса айтты.
Бұдан басқа, подполковник алаяқтар онлайн-несиелерді, аударымдарды және басқа да заңсыз операцияларды ресімдеу үшін жеке деректерді сатып алатын немесе ұрлайтын алаяқтық схемалар туралы айтып берді. Мұндай жағдайларда банктік картаның иесі толық жауапкершілікте болады.
Кездесу барысында С9 санатындағы студенттік визаны ресімдеу, оның Қазақстан Республикасының аумағындағы құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктері де талқыланды. Кездесу соңында көші-қон полициясының өкілдері ЖОО-ға интернационалдандыру бойынша белсенді жұмысы үшін алғыс айтып, шетелдік студенттерге сәтті оқу мен құжаттарға жауапкершілікпен қарауды тіледі.





 
						 
						 
						 
						 
						 
						 
						 OpenU
                            OpenU