Торайғыров университетінде «Білім алушыларды деструктивті діни ұйымдарға тартудың алдын алу құралы ретінде діни сауаттылық пен мәдени толеранттылық» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы басталды.



Бағдарлама № 257/ГФ 24-26/8 ИРН АР 23484991 «Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында жастардың мәдени толеранттылығы мен діни сауаттылығын арттыру» ғылыми жобасы аясында жүзеге асырылуда.



Оқыту онлайн және офлайн түрде өтуде. Курс жобаның жұмыс тобы тарапынан әзірленген. Оның құрамына философия ғылымдарының кандидаттары Майра Қожамжарова мен Гаухар Ахметова, PhD доктор Салтанат Аубакирова және гуманитарлық ғылымдар магистрі Айнаш Мәжитова кірді. Бағдарламаның басты мақсаты – педагогтердің дінтанулық білімін арттыру, кәсіби құзыреттерін дамыту және студенттер арасында діни сауаттылықты қалыптастыру ісінде тәжірибелік қолдау көрсету.

 


Курс барысында қатысушылар алдында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Даулет Закарьянов Қазақстандағы қазіргі діни кеңістік туралы баяндама жасады. Сондай-ақ жоба жетекшісі, профессор Майра Қожамжарова толеранттылықты қалыптастырудағы дінтанулық білімнің рөліне арналған баяндамасымен сөз сөйледі.



Курс соңында қатысушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар табысталады.