Республика күні қарсаңында Торайғыров университетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ербол Айтбаев мемлекеттік марапатқа ие болды.



«Парасат» орденін профессор Ербол Айтбаевқа Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады. Рәсім Астана қаласында өтті.



Ербол Айтбаев жоғары білім беру жүйесінде 25 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді және мәдениет саласының мамандарын даярлауға елеулі үлес қосуда. 2012 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болған.