Торайғыров университетінің делегациясы Еуразиялық энергетикалық корпорациясы базасында болды.



Қазақстандағы ең ірі энергетикалық кәсіпорындардың бірін университет ректоры Нұрлан Медетов пен ToU Энергетика факультетінің деканы Олжас Тәліпов аралап көрді. Торайғыров университетінің 65 жылдығына орай олар «ЕЭК» АҚ бас директоры Дүйсен Мерғалиевке мерейтойлық медаль табыс етті.



Кездесу барысында тараптар Ақсу станциясының базасында жұмысшы мамандықтары бойынша микробіліктілік бағдарламалары аясында студенттерді бірлесіп даярлау және оларға тиісті куәліктер беру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ корпорация қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, инженерлердің қатысуымен университет студенттері және оқытушыларына арналған көшпелі дәрістер өткізу бағыттары қарастырылды.



Ерекше назар түлектерді жұмысқа орналастыру, дуалды оқыту жүйесін дамыту, шетелдік ғалымдардың қатысуымен бірлескен ғылыми конференциялар ұйымдастыру және корпорацияның инженерлік-техникалық құрамына арналған семинарлар өткізу мәселелеріне аударылды.