Торайғыров университетінің 65 жылдық мерейтойы аясында Энергетика факультетінде студенттер үшін маңызды кездесу ұйымдастырылды. Шараға «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Щемель мен факультеттің ардагер ұстазы Раиса Мустафина қатысты.



Кездесу барысында облыстағы жетекші энергетикалық кәсіпорындардың бірін басқарып отырған Олег Щемель өңірдің энергетика саласында жүзеге асырылып жатқан жаңа жобаларға кеңінен тоқталды. Ол жылу желілерінің технологиялық үдерістерін автоматтандыруға бағытталған ірі жобаның жоспарларымен бөлісіп, елімізде теңдесі жоқ инновациялық технологияларды таныстырды.



Танымдық дәрісті жалғастырған ардагер ұстаз Раиса Мустафина факультеттің қалыптасу тарихына шолу жасады.



Іс-шара соңында факультет деканы Олжас Тәліпов пен «Электроэнергетика» кафедрасының меңгерушісі Вадим Марковский студенттерге ізгі тілектерін білдіріп, білім мен тәжірибені ұштастырудың маңызын атап өтті.