ToU-да университеттің 65 жылдығына орай “Менің Қазақстаным. Ұлы дала құпиясы” атты көрмесі ұйымдастырылды.



Көрмеде «Сәулет және дизайн»кафедрасының 2,3,4 және 5 курс дизайнер студенттерінің еңбектері ұсынылған. Тастарға қашалған ежелгі таңбалар, ұлттық ою-өрнектер мен дала өркениетінің белгілері - жас дизайнерлердің қолымен жаңаша сипат алды. Сондай-ақ көрме қонақтары Павлодар өңірінің табиғаты мен сұлулығын айшықтаған кескіндеме туындыларын тамашалады.



“Менің Қазақстаным. Ұлы дала құпиясы” көрмесі - өткен мен бүгінді, дәстүр мен жаңашылдықты тоғыстырған шығармашылық кеңістік. Ол Сұлтанмахмұт рухына тағзым етіп, мәдени мұрамыздың мәңгілік екенін айқындайды.